Әкім жерлестеріне ЭКСПО билеттерін сыйға тартты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Целиноград ауданының əкімі Мəлғаждар Тəткеев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне бару үшін жерлестеріне 3 мың билет тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЭКСПО-2017» көрмесі еліміз үшін үлкен тарихи оқиға. Оны барып көру кез-келген қазақстандықтың арманы. Осы орайда, Целиноград ауданының əкімі мектепті үздік бітірген түлектер мен қоғам өміріне белсенді араласып жүрген ардагерлерге көрмені өз көзімен тамашалауға мүмкіндік сыйлады.

Аудан əкімі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «ЭКСПО-2017»  көрмесі билетіне ие болғандардың арасында «Алтын белгілі» жəне үздік аттестат иегерлері, қоғам қайраткерлері, білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау органдарының ардагерлері, мүгедектер бар.

 

Соңғы жаңалықтар