Әкім сайлауында қай өңірдің бақылаушылары белсенді болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкімдер сайлауында бақылаушылар белсенді қатысқан өңірді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, бақылаушылар дауыс беру барысынан бастап дауыс санау кезеңіне дейін бақылау жүргізді. Алматы облысының Талғар қаласындағы сайлау қызықты өтті. 57 байқаушы мен 43 сенімді тұлға қатысты. Яғни, 110 адам бақылау жүргізген», - деді Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Сұхбат кезінде ол әкім сайлауына саяси партиялардың қаншалықты белседі қатысқаны туралы пікір білдірді.

Айтуынша, сайланған 864 әкімнің 77,7%-ы немесе 671 адам – Nur Otan-ның өкілі. «Ауыл» партиясынан 3,8% яғни 33 адам әкім атанса, «Адал» партиясынан 1,7%, яғни 15 әкім, «Ақжол» партиясынан 1,4% немесе 12 адам, Қазақстан халық партиясынан 1,3% немесе 11 адам және ЖСДП-дан 0,1%, яғни 1 адам сайланған.


Соңғы жаңалықтар