+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Әкім сайлауы: Шығысқазақстандық байқаушылардың арасында қарттар да бар

2021 жылғы 24 шілде 16:11
Бөлісіңіз:
Әкім сайлауы: Шығысқазақстандық байқаушылардың арасында қарттар да бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы Аяужан Әшімова ертеңгі сайлауға 300-ден астам бейтарап байқаушы дайындағандарын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тағы 21 ауылда әкім сайланды

«Бүгінге дейін 300-ден астам бақылаушыны оқытып, ертеңгі науқанды байқауға дайындап отырмыз. Ертең әкімдер сайлауында өңірдегі барлық сайлау учаскесінде біздің бейтарап байқаушылар жұмыс істейді. Мақсатымыз – сайлаудың әділ, ашық өтуін қадағалау. Байқаушыларды бұрыннан дайындап жүргендіктен, бұл жолы заң нормаларымен таныстырып қана қоймай, бұрынғы тәжірибеміз бойынша штаттан тыс жағдайларды айтып, түрлі кейстерді келтіріп, ондай жағдайларда өзі қалай ұстау керектігін үйреттік», - дейді бейтарап байқаушылардың өкілі.

Аяужан Әшімов сәкім сайлауын байқаушыларды іріктеген кезде ең бірінші ниетінің дұрыстығына көңіл бөлінгенін айтады.

«Екіншіден, байқаушыларды неғұрлым жергілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі болады», - дейді «Партиялық емес бақылау орталығының» өкілі.

Ертең Шығыс Қазақстанда жалпы жиыны 77 елді мекеннің әкімі сайлау арқылы анықталады.

«Байқаушылардың бәрі өте белсенді. Осы процеске үлкен қызығушылықпен араласып отыр. Олардың жас құрамы да әркелкі. Әрине жастардың қатары көбірек. Бірақ біз байқаушыларды сайлау өтетін ауылдардың өзінен жасақтағанымызды айту керек. Демек, арасында аталар мен әжелер де бар», - деді Аяужан Әшімова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT