+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Әкім сайлауы: Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады

2021 жылғы 25 шілде 10:07
Бөлісіңіз:
Әкім сайлауы: Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты Алматыда 2 метро стансасы іске қосылса, жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға жетеді Nur Otan-ның сайлауалды уәделері аясында 127 мың спорт секциясы ашылды – Бауыржан Байбек

Олар Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде.

Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде.

Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде.

Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14144 сайлаушылар бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылда, 4 ауылдық округте 14 сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылады. Сондай-ақ сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT