Әкім сайлауы: Қостанайлықтардың 63,7%-ы өз таңдауын жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлауға қатысып жатқан Қостанай облысына қарасты ауыл тұрғындарының 63,7%-ы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық сайлау комиссиясының сағат 14:00-дегі мәліметіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша дауыс берушілердің 63,7%-ы өз таңдауын жасады. Ауыл әкімдерінің сайлауы ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы заңның талаптарына сай жүріп жатыр», - деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева «Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қостанай облысы бойынша ауыл әкімдері сайлауында сағат 14:00-дегі дауыс беру қарқыны:

Алтынсарин ауданы - 63%

Амангелді ауданы – 63,1%

Әулиекөл ауданы – 59,5%

Денисов ауданы - 53,5%

Жанкелді ауданы - 63,4%

Жітіқара ауданы – 66,2%

Қамысты ауданы – 62,2%

Қарабалық ауданы – 65,8%

Қарасу ауданы – 64,4%

Қостанай ауданы – 55,7%

Меңдіқара ауданы – 68,3%

Наурызым ауданы – 63,6%

Сарыкөл ауданы – 74,4%

Б. Майлин ауданы – 62,3%

Ұзынкөл ауданы – 63,8%

Федоров ауданы – 67,6%

Арқалық қаласы – 63,7%

Лисаковск қаласы – 62,1%

Рудный қаласы – 66,8%


Соңғы жаңалықтар