Әкім сайлауы: Қазақстанның 9 өңірінде сайлау учаскелері жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 аймақта ауыл, ауылдық округ, қалалық маңызы бар қала мен кент әкімдеріне дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті сайлау комиссияларының дерегі бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 9 өңірінде сайлау учаскелері жабылды.

Осылайша, кезекті сайлау науқанына орай ашылған 9 өңірдегі сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.

Ал еліміздің батысында орналасқан Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында дауыс беру процесі әлі жалғасып жатыр.

Сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сүйенсек, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы облысында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге өз таңдауын жасаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Соның 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Яғни, сайлау заңнамасындағы жаңа мүмкіндікті 1419 адам пайдаланып отыр.

Сондай-ақ, 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны –1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынады.


Соңғы жаңалықтар