+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Әкім сайлауы: Қазақстан бойынша сайланатын 730 әкімге қанша адам дауыс береді

2021 жылғы 25 шілде 09:22
Бөлісіңіз:
Әкім сайлауы: Қазақстан бойынша сайланатын 730 әкімге қанша адам дауыс береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бүгін өтіп жатқан ауыл, ауылдық округ, кент және аудандық маңызы бар әкімдерін сайлауға 14 облыстағы дауыс беруге құқылы халықтың 13 пайызы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 2 метро стансасы іске қосылса, жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға жетеді Nur Otan-ның сайлауалды уәделері аясында 127 мың спорт секциясы ашылды – Бауыржан Байбек Өзбекстандағы Президенттік сайлау: Мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 1 209 817 сайлаушы қатысады. Бұл 14 облыстағы сайлаушылардың 13% - ы деген сөз. Олар осы сайлауға деп жасақталған 1847 сайлау учаскесінде бүгін өз таңдауларын жасап, ел тарихында тұғыш рет өз әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы таңдайды.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, аталған 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен.

Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Осы мүмкіндікті бұл жолғы сайлауда 1419 адам пайдаланып отыр.

Сондай-ақ, 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған.

Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны –1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынап жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT