Әкім сайлауы: Арыс қаласында 86 жастағы қария бірінші болып дауыс берді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының тұрғыны 86 жастағы қария Үсіпбек Сапарбеков сайлау учаскесіне келіп алғашқы болып өз дауысын берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауылдағы Б.Онтаев көшесінде орналасқан №20 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып кеткен. Ауыл ақсақалы ел болашағына бей-жай қарамайтындығын айтып, үміткерлерге сәттілік тілеп ақ батасын берді.

Айта кетейік, Арыс қаласында жалпы 12 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы қалаға қарасты ауыл округтерде 10 440 азамат дауыс береді деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар