+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Әкім сайлауы: Ақмола облысында бір орынға неше үміткер таласады

2021 жылғы 24 шілде 15:42
Бөлісіңіз:
Әкім сайлауы: Ақмола облысында бір орынға неше үміткер таласады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин сайлау учаскелерінің әкімдерді сайлауға дайындығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үздік меңгергендер анықталды Тағы 21 ауылда әкім сайланды Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Ертеңгі сайлауға 218 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады. Барлық учаскелер дайын. Кеше барлық комиссияларға сайлау бюллетендері таратылды. Сайлау комиссияларының жұмыс тәртібі туралы кеңес өткіздік», - деді Николай Политкин агенттік тілшісіне телефон арқылы берген мәліметінде.

Оның айтуынша, бүгін таңертең облыс бойынша 10 348 дауыс беруші тіркелген. Өңірлік комиссия хатшысы кешке дейін бұл сан өзгеруі мүмкін екенін айтады.

«Барлығы 303 кандидат тіркелді. Оның ішінде әртүрлі себеппен 13 кандидат тіркеуден өтпеді. 290 кандидаттың тағдыры ертең белгілі болады», - деді Николай Политкин.

Жалпы ертең Ақмола өңірі бойынша барлығы 95 әкім сайланады. Оның ішінде аудандық маңыздағы қалалардың екі әкімі (Ерейментау және Державинск қалалары) бар. Қалғаны – кенттер мен ауылдық округтер.

«Мұндай сайлау алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл біздің азаматтарымыз үшін өз өмірлеріне өздері әсер етудің нақты мүмкіндігі. Мәселелерді шеше алатын лайықты адамды көріп, таңдаудың оңтайлы сәті туындап тұр. Есептеп қарасақ, біздегі әр әкімнің орнына үш үміткер таласып отыр», - дейді сайлау комиссиясының өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT