+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Әкім сайлауы: Ақмола облысында 100 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасап жатыр

2021 жылғы 25 шілде 11:10
Бөлісіңіз:
Әкім сайлауы: Ақмола облысында 100 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы ауыл әкімдері сайлауының өту барысы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Сағат 10:00-дегі Ақмола облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс берушілердің 9 пайызы өз таңдауын жасады. Облыс бойынша 100111 сайлаушы бар, ал алынған бюллетеньдердің саны 8826», - деді Ақмола облысы сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, дәрігер мамандар сайлау кезінде санитарлық талаптардың сақталып жатқандығын айтты.

«Барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Оның ішінде арақашықтықты сақтау, маска тағу және антисептик қолдану керектігі. Сайлау комиссиясы мүшелерінің 100 пайызы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Олардың арасында 71 пайызы екпені толықтай алған. Комиссияның қалған мүшелері ПТР тестінің оң нәтижесі арқылы жұмыс істеп жатыр», - деді облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Аталған өңірдегі сайлау комиссиясының сағат 10:00-дегі ақмолалықтардың дауыс беру қарқыны.

Көкшетау қаласы 3%

Степногорск қаласы 6 %

Ақкөл ауданы 13%

Аршалы ауданы 5%

Астрахан ауданы 22%

Атбасар ауданы 13%

Біржан сал ауданы 19%

Бұланды ауданы 8%

Бурабай ауданы 7%

Егіндікөл ауданы 24%

Ерейментау ауданы 7%

Есіл ауданы 11%

Жақсы ауданы 7%

Жарқайың ауданы 9%

Зеренді ауданы 9%

Қорғалжын ауданы 8%

Сандықтау ауданы 19%

Шортанды ауданы 10%


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT