Әкім «не шықса да оңтүстіктен шығады» деген тәмсілге пікір білдірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының жылдық есебін сондай-ақ 5 мыңға тарта адам селекторлық режимде және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тыңдай алды.

Көпшілік алдында баяндама жасаған Жансейіт Түймебаев «Түркістан облысы халқының әл-ауқатын арттыратын экономикалық жүйеміздің даму бағыты қандай болмақ? Әл-ауқатты арттыру тұрғындарға қызмет жасайтын инфрақұрылымды қалай дамытамыз? Өркениет заманында Түркістан облысында адам капиталын заманауи үлгіде қалай қалыптастырамыз?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Өткен жылы тарихи шешім қабылданып, Түркістан облысы құрылғанына, бұл басқосудың облыстың жаңа орталығы - Түркістан қаласында тұңғыш рет өтіп жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандарының құрылуы ел әлеуетін көтеру үшін маңызды болғанын жеткізді.

Өңір басшысы Түркістан облысы экономикасының негізгі сүйреуші салалары өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм екеніне тоқталып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Баяндамадан кейінгі жарыссөзге шыққан азаматтар Түркістанда мектептерді көбейту, жас мамандарға пәтер беру, Түркістанның жасыл белдеуін молайту жөніндегі ұсыныстарын айта келе, әкім есебін оң бағалады. Есептік жиын барысында залдағы азаматтар да көкейде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Атап айтқанда облыс тұрғындарының дені коммуналды шаруашылық, транспорт, тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, жол салу және өзге де мәселелер төңірегінде мәселелер көтерді. Әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жауап берген өңір басшысы айтылған ұсыныстар мен шағымдар жіті назарға алынатынын айтты.

«Елбасымыздың Түркістан өңіріне деген қолдауын жақсы білесіздер. Қазір ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. «Не шықса да оңтүстіктен шығады» деген тәмсілге ұқсас сөз бар. Өңіріміздің шынайы өмірімен етене таныс адам ол сөзді облыс халқының еңбекқорлығы мен тапқырлығына деген ризашылықпен, сүйіспеншілікпен айтады. Осы жасампаздық қуатты дұрыс арнаға бұра білсек, Түркістан облысын бірге түлететін боламыз», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар