+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әкім: Халық санағы Алматының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы үшін маңызды

2021 жылғы 20 қазан 21:51
Бөлісіңіз:
Әкім: Халық санағы Алматының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы үшін маңызды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев санақ науқанының қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың сұрақтарына жауап берген қала әкімі халық санағы тұрақты дамуға ұмтылған барлық өркениетті мемлекетте 10 жылда бір рет өткізілетінін тілге тиек етті.

«Санақ сауалнамасына елдің әрбір тұрғынының әлеуметтік дамуын көрсететін көптеген мәселелер енгізілген. Жиналған көрсеткіштер негізінде мемлекет халықтың сандық құрамын ғана емес, «сапалық» құрамын да айқындайды, қандай да бір ауданның, қаланың инфрақұрылымын дамытуды болжайды және жоспарлайды»,-дейді қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарынан санақ науқанына жәрдемдесуді өтінді, өйткені мегаполистің одан әрі дамуы осы санақ нәтижесіне тікелей байланысты.

Еске салсақ, 2021 жылғы санақ екі форматта жүргізіледі. Біріншісі - онлайн 15 қазанда аяқталды.

Екінші кезең - үй аралау 1-30 қазан аралығында жалғасады.

Алматыдағы әрбір интервьюерге 833 тұрғын бекітілген, олар сұрақ қоятын болады. Әр сұхбат берушінің планшетіне тек оның учаскесі енеді, ол басқа сайтқа кіре алмайды.

Егер интервьюер үй тұрғындарын таппаса, онда ол міндетті түрде оларға телефон нөмірін қалдырады, онда осы отбасының санағын өткізу үшін аталған мекенжайға қайта баратыны әрі қолайлы уақытты келісу жөнінде хабарлама жіберіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT