«Әкім» фильмі көрерменге жол тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда режиссер Нұртас Адамбайдың «Әкім» комедиясының алдын ала көрсетілімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкім» фильмі комедия жанрына жатады. Кино режиссері Нұртас Адамбайдың айтуынша, фильм бар болғаны 16-17 күнде түсірілген. Түсірілім Алматыдан 300 шақырым жердегі ауылдардың бірінде өтті.

Фильмнің сюжеті қалада өскен Азамат есімді жас жігіттің өмірімен байланыстырылған. Ол кездейсоқ шалғайда орналасқан Таза бұлақ ауылына әкім болып жұмысқа жіберілді. Онда ол түрлі сынақтарға тап болады. Жаңа әкім қалаға оралғысы келеді. Себебі ауылда ешқандай жағдай жоқ деп ойлайды. Мысалы6 ұялы байланыстың жоқтығы, қазақша сөйлей алмауы оған қиындықтар туғызады.

Оның әкесі «бұл мәселені шешуге» уәде береді. Бұл уақыт еншісінде болғандықтан Азамат «жақсы әкім болып көрінуге» мәжбүр болады. Азамат әкесінің құрған жоспарына сәйкес, көршінің баласы Мағжанмен достасады. Сондай-ақ, Гүлназ есімді жас мұғалімнен қазақ тілін үйреніп жүргендей сынай танытады. Уақыт өте келе, жас әкім шынымен де жергілікті тұрғындардың проблемалары туралы ойлана бастайды.

«Фильмнің атауын маған Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов ұсынды. Біз кездескен кезде кинематография туралы әңгімелестік. Сол кезде ол маған неге әкім туралы кино түсірмеске деді. Біраз талқыладық. Алайда мен кинода көрсетілетін оқиғаны мақұлдамадым. Түгел өзгерттім, тек фильмнің атын сол күйінде қалдырдым. «Әкім» маған ұнады солай қалдыруға ұйғардық, - деді Нұртас Адамбай.

7 қарашадан бастап «Әкім» кинокомедеясы еліміздің барлық кинотеатрларына прокатқа шығады.

Соңғы жаңалықтар