Әкім бол, халқыңа жақын бол: Әлеуметтік желінің әлеуетін түсінген өңір басшылары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше ірі қалалар мен өңір әкімдері қатысқан кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен өзара ық­палдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуын тапсырған еді. ҚазАқпарат агенттігі әлеуметтік желі арқылы халықпен байланысты жолға қойған әкімдердің тізімін ұсынады.

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook желісін 2012 жылдан бері пайдаланады. Онда Сұлтанов өз қызметіне қатысты маңызды мәлімдемелер мен құттықтауларды жариялап отырады. Жазба астынан өзге желі қолданушыларының қалдырған пікірін көруге болады. Әзірге, астана әкімінің Facebook-те бес мың «досы» мен екі мыңға жуық жазылушысы бар. null

Елорда әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбектің есімі де Қазнет қолданушыларына жақсы таныс. Бұған дейін Сарыарқа ауданының әкімі болғанда да, Арман Тұрлыбек - әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді қолдана білген шенеунік. Қазір де тұтас қаланың өзекті мәселелері жөнінде халықты толғандырған сұрақтарға жедел жауап беруге тырысады. Әзірге, Арман Тұрлыбектің бес мың «досы» мен 40 мыңға жуық жазылушысы бар.

null

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты әлеуметтік желі арқылы танылған Канада премьері Джастин Трюдоға ұқсатуға болады. Ақпан айында Болат Бақауов Инстаграмда парақша ашып, екі айда 15 мыңға жуық оқырман жинады. Парақшада әкімнің оқиғаларға жеке пікірлері, отбасылық суреттері, өңір жағдайы туралы мәліметтер жазылған.null

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Твиттер желісін белсенді пайдаланады. Ол да еліміздің және әсіресе Батыс Қазақстанның өзекті жаңалықтарымен жиі бөліседі. Дегенмен, Твиттер - халық көп қолдана бермейтін желі болғандықтан, кері байланыс жоқ. Әзірге оның 431 оқырманы ғана бар. null

2019 жылдың 20 ақпанында Ақмола облысының бұрынғы әкімі Мәлік Мырзалин қарамағындағы әкімдерге әлеуметтік желілерге тіркеліп, халыққа бір табан жақын болуды тапсырған еді. Ақмола облысының қазіргі әкімі Ермек Маржықпаев та Көкшетау қаласының әкімі болып тұрғанда Facebook пен Инстаграм желілеріне тіркеліп, халықтың мұң-мұқтажына жауап беруге тырысқан. Қазір де әкім парақшаларын жиі жаңартады.

null

null

Сонымен бірге, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали да әлеуметтік желінің қаншалықты маңызды екенін түсінеді және ел ішіндегі оқиғаларды назарынан тыс қалдырмайды. Фейсбук желісінде Марат Иғалидің бес мың «досы» мен 10 мыңнан астам жазылушысы бар. null Кешегі Президент тапсырмасынан кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін Facebook-ке тіркелді. Алғашқы жазбасында облыс әкімі әлеуметтік желінің атқарушы билік пен халық арасындағы байланыс көпірі екенін, пікірталастар алаңына айналыратынын айтқан. null

Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин де Facebook-тегі парақшасын ашты. Енді ол әлеуметтік желі арқылы өңірде болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп отырмақшы. null

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің әлеуметтік желілерде бірде-бір парақшасы жоқ. Есесіне, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті Фейсбук пен Инстаграмнан табуға болады.null null

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың әлеуметтік желілердегі парақшалары жаңартылмай, «шаң басып» жатыр. Оның Твиттер мен Инстаграмдағы соңғы жазбалары 2018 жылы жарияланған. Тоқаевтың тапсырмасынан кейін үшінші мегаполис әкімі бұл парақшаларға жан бітіріп, халықпен тікелей диалог орнатады деп үміттенеміз.null null

Шымкенттің тұтас тыныс-тіршілігін Ғ. Әбдірахымовтың орынбасары, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данат Жуминнің Фейсбуктегі парақшасынан көруге болады. Оның да шектеулі бес мың «досы» мен он мыңға жуық жазылушысы бар. null Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат-каналына 5 мыңнан астам адам тіркелген. Азаматтарды қабылдауының бірінде облыс әкіміне тұрғындардың бірі әлеуметтік мекеме басшыларының қабылдауында бола алмай жүргенін айтып шағымданғанда,​ Нұрлан Ноғаев Telegram қосымшасында тіркелуге кеңес берген. Әкімнің жеке аккаунты жоқ.

Бұдан өзге Алматы қаласы, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының әкімдері әлеуметтік желілерге тіркелмеген. Бұл өңірлерде халықтың өтініштеріне жауап беру жұмысын арнайы баспасөз қызметтері немесе әкімдердің орынбасарлары атқарады.

Соңғы жаңалықтар