Әкім астаналықтарды қоқысты сұрыптап үйренуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елордаға газ биыл жеткізілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалықтар үшін қоршаған ортаны қорғауда адамдар жаяу көп, көлікпен аз жүруі, адамдар жерді ғана емес ауаны аз ластауы үшін екі басымдық бар. Жылдың соңына дейін Көктал-1, 2-ге, Оңтүстік Шығысқа және Железнодоржный елді мекеніне газ жеткізуге тырысамыз. Іс жүзінде бұл зиянды шығарындыларды 80 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Мұны мен Астана қысында үнемі болатын түтінге қатысты айтып отырмын», - деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, қала әкімі елорда тұрғындарынан қоқысты сұрыптап үйренуге шақырды.

«24 тәулікте мың тонна қоқыс шығарылады. 2019 жылдың соңына дейін қалдықтарды өңдейтін екі зауыттың болатындығын ескергеннің өзінде өзіміз кіріспесек Швейцариядағыдай өмір сүре алмаймыз», - деді әкім.

Б.Сұлтанов дерегінше, Астананың төңірегінде және ішінде 10 млн ағаш отырғызылған. 2019 жылы тағы да 500 мың ағаш отырғызылады. Жыл соңына дейін 5 саябақ, 2 гүлзар ашылып, жаңа веложолақтар салынады, көшелердегі жаттығу құрылғылары орнатылады.

Соңғы жаңалықтар