Әкім араб бизнесмендерін Ақмола облысына шақырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Біріккен Араб Әмірлігінің экономика министрі Сұлтан әль-Мансұрмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кездесуде арабтар жағы Ақмола облысында өндірілген ұнның алғашқы коммерциялық партиясының жеткізілгеніне қуанышты екенін атап өтті.

Қазақстандық 800 тонна экспорттық ұнның алғашқы коммерциялық партиясын «INTER TRADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеткізді.

Мәлік Мырзалин араб бизнесмендеріне Ақмола облысындағы астық, ет өңдеу және туризм салалары бойынша нақты жобаларға инвестиция салуды ұсынды. Оның ішінде Dubai Investments Park инвестициялық паркін ашу мәселесі талқыланды. Өңірде барлық коммуникация жүйесі тартылған индустриалды аймақ құру жоспарда бар.

Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірлігінің экономика министрі Ақмола өңірінде араб компанияларының қатысуымен халал индустриясы жобасын қолға алуға қызығушылық білдірді. Қазіргі кезде, сусын және азық-түлік сияқты халал өнімдерінің көлемі 750 миллиард теңгені құрап, жыл сайын 7 пайызға дейін көбейіп келеді.

Келіссөздер нәтижесінде Араб бизнесмендерінен құралған делегация Ақмола облысына жұмыс сапарымен келетін болды.

Соңғы жаңалықтар