+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әкім алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырды

2020 жылғы 12 тамыз 23:02
Бөлісіңіз:
Әкім алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы тұрғындар қала кеңістігін жақсарту жөніндегі жобаларға белсенді атсалысып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б. Сағынтаев осы жоба аясында тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 333 жобаға өтініш берілгенін айтты.

2020 жылы жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 55 жоба іске асады.

«Бүгінгі эфирді пайдаланып, алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырамын. Келер жылы орындалатын жобаларға да іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде өтініштер қабылдануда. Өздеріңіздің аулаларыңыз бен ықшамаудандарыңызда қандай жобаны жүзеге асыру қажеттігін өздеріңіз шешетін боласыздар», - деді Алматы әкімі.

Былтыр әр ауданға 500 миллион теңгеге қаражат қарастырылған болатын. Бүгінде «Бюджетке қатысу» жобасының сомасын екі есе көбейту мәселесі қарастырылып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT