«Әкетай, Әкешім»: Отбасы күні әншілер әкелерге ән арнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасы күніне орай «101» тобы еліміздегі әр отбасының отағасына арналған «Әкетай, Әкешім» атты әнді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы ән мен бейнебаян арқылы отбасындағы әкелер мен аналарға құрмет көрсеткіміз келді. Осылайша жастарға отбасылық құндылықтарды сіңіргіміз келеді», - дейді жоба авторы.

Жобаның авторы әрі продюсері - Әлихан Мұсатаев. Жобаға серіктестікті және ақпараттық қолдауды Біріккен Ұлттар ұйымының халық саласындағы Қазақстандағы қоры қолдау көрсеткен. Әннің авторы - Иван Бреусов.

Бейнебаянға еліміздегі танымал әкелер түскен. Атап айтқанда, бейнебаяннан әншілерден Иван Бреусов, Ербол Жайлауов, продюсер әрі режиссер Дәуіт Шайхисламов, блогер Серік Тілеусов, спортшы Уәлихан Тен, продюсер Әлихан Мұсатаев, цирк әртістері Кәрім, Мұрат пен Майкл Мұтұрғановтар, саясаткер әрі кәсіпкер Бауыржан Қасымбергебаев (қызымен), әнші Лиунаны, Азамат Нұрғалиевты (ұлымен) көруге болады.


Соңғы жаңалықтар