Әкесін өлтірген Ақмола облысының тұрғыны 10 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында баласы әкесінің мойнына пышақ сұғып өлтірді.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің  мәліметі бойынша,  Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат өзінің үйінде әкесімен бірге спирттік ішімдіктерді іше отырып, әкесінің анасымен бірге спирттік ішімдіктерге әуестіктері үшін жазғырған. Осының негізінде екеуінің арасында жанжал туындап, ер азамат әкесінің мойнына пышақ салған. Әкесі оқиға орнында мерт болды.

Соңғы жаңалықтар