Әкесі балаларын анасына көрсетуден бас тартса не істеу керек – заңгер кеңесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сот шешімі бойынша балалар анасында қалуы керек болса да, әкесі балаларын бермей қойған жағдайда қандай шара қолдану керек? ҚазАқпарат осы мәселеге қатысты заңгердің жауабын ұсынады.
Жамбыл облысынан хабарласқан оқырман жұбайымен ажырасқанын, сот мектеп жасындағы ұлы мен қызы анасында болуы керек деген шешім қабылдаса да, бұрынғы күйеуі екі баласын көрсетпей отырғанын айтты.
«Сот екі рет балалар менімен қалу керектігі туралы шешім шығарды, бірақ бұрынғы жұбайым 8 ай бойы балаларымды маған көрсетуден бас тартып келеді. Үйіне сот орындаушыларымен бірге барған кезім де болды, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Мұндай жағдайда не істеуге болады?», - дейді оқырман.
Оқырман сұрағына «AR Legal Expert» заң компаниясының заңгері Ақниет Мұқанов жауап берді.
«Мұндай жағдайда сот орындаушыларымен қатар инспектор шақыруға болады. Сот орындаушы өзінің міндетін дұрыс орындамаған болуы мүмкін, сондықтан бұл жерде жеке сот орындаушысын ауыстыру туралы сұрақ туындайды. Бұл жерде балалардың әкесі сот шешімін бір емес, екі рет орындамай тұр. Сондықтан оның бұрынғы әйелі оны қылмыстық іске тартуға құқылы», - дейді заңгер.
- Алматылықтар Сұлтан Сартавты соңғы сапарға шығарып салды
- Берешегі бар азаматтардың елден шығуына шектеу алына ма - ҰБ жауабы
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
- Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
-
Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
-
Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам