кеше 22:02 Қалқанша безінің қатерлі ісігіне әйелдер үш есе жиі шалдығады – онколог ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қалқанша безі қатерлі ісігімен 746 адам есепке алынса, соның тек шамамен әр он екіншісі ғана ер адамдар. Әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі дерт жайында, оның белгілері мен алдын алу жолдары туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық көпбейінді аурухананың онкология орталығының торакалды бөлім меңгерушісі Рашид Алиев айтып берді.
кеше 15:07 СҚО-да ер адам бес жыл алимент төлемей, қарызы 5 млн теңгеге жеткен ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында баласына бес жыл бойы алимент төлемеген тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оның осы аралықтағы қарызы 5 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:32 Петропавлда пара алған ветинспекторға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор пара алғаны үшін сотталды, оған параның 35 еселенген сомасы мөлшерінде - 5 млн 200 мың теңгені айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 11:55 СҚО-да екі балаға қызылша диагнозы қойылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бес бала қызылша ауруына күдіктелсе, соның екеуінде диагноз зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.06.2023 08:30 СҚО-да өрттің алдын алу мақсатында 53 жедел мобильді топ құрылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуымен 53 жедел мобильді топ құрылған. Нәтижесінде қауіпсіздік талабын бұзған 151 адам анықталып, оның тоғызына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 23:30 СҚО-да кейінгі екі жылда 48 мыңға жуық баланың құқығы қорғалды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура органдарының араласуымен кейінгі екі жылда 48 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған баланың құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 18:56 СҚО-да демалыс күндері термометр бағаны +42 градусқа жетпек ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы аптап ыстық демалыс күндері шарықтау шегіне жетпек. Өңірде ескерту жарияланды. Болжам бойынша ауа температурасы +41..+42 градусқа дейін жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 15:52 СҚО-дағы Тереңкөлде балықтың қырылу себебі анықталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тереңкөлдегі балықтың қырылуына жәндіктердің тұншығуы себеп болған. Өңірдің экологтары тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 15:00 Петропавлда аттракционның тежегіші істен шығып, 5 бала зардап шекті ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда орталық саябақтағы аттракциондардың бірі істен шығып, салдарынан бес бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 11:04 СҚО-да сайлау өтіп, Сенат депутаты болып Әсем Рахметова сайланды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кенеттен қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Сенат депутаты сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 01:18 СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері аудио, видеоқұрылғылармен қамтылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәдем қызметкерлері өздерін қорғау үшін шақыртуға барған кезде аудио және бейне жазба жүргізеді. Пилоттық жоба бүгін іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 21:44 СҚО-да алимент төлеуден қашып жүрген 31 адам қамауға алынды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген 151 адам бар, олардың жалпы қарызы 175,4 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 15:32 СҚО-да жылу тарифін өсірмек болған кәсіпорынның өтінімі бекітілмеді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Севказэнерго» АҚ жылу энергиясына қатысты тарифті көтеру туралы өтініші кейін қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 09:12 СҚО-да көкшетаулық тұрғын лицензиясы жоқ мың литрге жуық спиртті сатпақ болды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз сауданың жолын кесіп, сапасы белгісіз 945 литр спиртті айналымнан алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 22:56 Ғасырлық тарихы бар Явленка стансасы Дүниежүзілік метеорология ұйымының тізіміне енді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ғасырлық тарихы бар Явленка метеостансасы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 22:09 Петропавлда 1 маусым күні балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 20:30 Солтүстік Қазақстан бидайы әлемдік нарықта бәсекеге төтеп береді – Бауыржан Ділдебаев ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы биыл 4,5 млн га дәнді дақыл сеуіп, өнім алмақ. Мамыр айының басында көктемгі егіске кірісіп кеткен диқандар науқанды аяқтауға жақын. Бидайдың шығымдылығы, сапасы бірнеше факторға тәуелді болса, соның бірі – тұқымның дер кезінде жерге сіңірілуі. Өңірдегі Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы 70 жылға жуық жергілікті аграрийлерге әр көктемнің ерекшелігін ескеріп, ұсыным беріп келеді. ҚазАқпарат тілшісі осы тәжірибелік станция басқарма төрағасының өндіріс және ғылым жөніндегі орынбасары Бауыржан Ділдебаевтан сұхбат алып, маманның биылғы астық шығымына қатысты болжамын білді.
30.05.2023 04:11 Петропавлда есірткі сатқан әйел 10,5 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда синтетикалық есірткіні арнайы орындарға жасырып, таратумен айналысқан әйел сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 23:07 Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық: СҚО-да полицейлер мен дәрігерлер түнгі рейдке шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлерімен бірге түнде көлік жүргізушілердің хал-жағдайын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 15:56 СҚО дәрігерлері 14 жасар қыздың асқазанынан 1 кг жуық шаш пен жүн алып шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 14 жасар қызға бірнеше сағат ота жасап, асқазанынан келіге жуық шаш пен жүн алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.