+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді – Ләззат Қожахметова

2020 жылғы 22 қазан 16:10
Бөлісіңіз:
Әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді – Ләззат Қожахметова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамда әйел адамның рөлін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамда отбасы институтының төмендегені жасырын емес. Ажырасулар көп, соның ішінде әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді екен. Алимент өндіру заңының қатаңдатылуын қалаймыз. Ажырасқан ер азаматтардың жауапкершілігі төмендеген. Сонымен қатар, әйел адамдар медиада зорлық-зомбылықтың құрбандары ретін елімізде көп насихатталады. Өздерін қорғансыз сезінуде. Соған байланысты қоғамда әйел адамның рөлін көтеруге ұсыныс жасаймыз», - деді Л. Қожахметова.

Осы орайда, ол мемлекеттік басқару ісінде, квазимемлекеттік секторда, ұлттық компанияларда жетекші лауазымда істейтін әйелдер өте аз екенін айтты.

«Егер әйел адам тұлға ретінде қалыптасатын болса, бұл баланың келешегіне, отбасының нығаюына және қоғамның дамуына өте үлкен серпін әкелетіні сөзсіз», - деді кеңес мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT