Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Акцияға алданған астаналық Technodom-нан өтемақы өндіріп алды

2018 жылғы 12 ақпан 18:27 258
Бөлісіңіз:
Акцияға алданған астаналық Technodom-нан өтемақы өндіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық сотында «TechnodomOperator» АҚ қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның бес өңірінде қасқыр атуға тыйым салынды СҚО-да ветеринарлардың тексерісінен кейін 270 адам жауапқа тартылды

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы қыркүйек айында «TechnodomOperator» АҚ «Түнгі жеңілдіктер» акциясын жариялаған болатын. Сол кезде бір ер адам өз қызының туған күніне сыйлық жасаймын деп, AppleIPhone 7 ұялы телефонына интернет арқылы тапсырыс берген.

«Technodom» сайтында аталған құрылғының бағасы 219 990 теңге болып тұрған. Дүкенде менеджер тапсырыстың нөмірін салыстырып, есеп-қисап қағаздарын да жазып берді. Алайда сатып алушы өз тауарын ала алмады. Әкімшілік сайтта көрсетілген ақпараттың техникалық ақаулықтан дұрыс көрсетілмегенін жеткізді. Ал AppleIPhone 7-нің бағасы 339 990 теңге болып шықты. Осыдан кейін ер адам басқа телефонды алуға мәжбүр болды.

«Астана қаласы Алматы аудандық соты арыз берушінің талаптарын жартылай қанағаттандырып, «TechnodomOperator» АҚ-дан 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Сот шешімі заңды күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Сот, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT