31.05.2017 10:32 Нұрлан Дулатбеков: Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты адамзат мүддесі тұрғысынан зерттеген ләзім АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай сол қаралы жылдардың куәгеріне айналған «Карлаг» туралы ондаған жылдар бойы «Карлаг. Тарихқа тағылым. Өткенге тағзым» атты зерттеу жұмысын жүргізіп, көптеген іргелі еңбектер жазған ғалым, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбековпен сұхбаттасқан едік.
22.05.2017 18:58 Қазақтың ұлы ақын-жазушылары жайлы көркем фильм неге түсірілмейді АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Астанада кинотеатрдан «Көбелектің түсі» атты түрік фильмін тамашаладық. Керемет әсер алдық. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында өмір сүріп, аз ғұмырында жасындай жарқ еткен түріктің екі ақыны Рюштю Онур мен Муззафер Тайип Услу туралы фильм. 15 млн долларға түсіріліп, 2013 жылы жарыққа шыққан. Фильмге екі ақынның өмірі мен өлеңі арқау етілген.
11.05.2017 15:53 Аңсаған Мұстафаның авторлық құқығын бұзған қытайларға заң пәрмені жүрмей ме АСТАНА. ҚазАқпарат. Жақында танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафа Алматы базарларында өзінің қазақы нақыштағы жейделерінің қытайлық көшірмесінің қаптап кеткенін айтқан еді. Осыған орай «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Әділет министрлігіне сұрау салып, Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық саудада авторлық құқықтың қалай қорғалатынын қаузап көрген болатын.
03.05.2017 19:32 Криптовалюта долларды ығыстыра ала ма... АСТАНА. ҚазАқпарат - 1971 жылы АҚШ-тың Қаржы министрлігің хатшысы болған Дж.Коннели «Доллар - біздің валюта, бірақ сіздерге - проблема» - деген екен. Айтқаны айдай келіп, бүгінде барша мемлекеттің бас ауруына айналды. Дағдарыс дендеп, доллардың әуселесі артып тұр. Соңғы 70 жыл бойы үстемдік етіп келе жатқан бұл валютадан құтылмаса, дағдарыстан көз ашпайтынын түсінген әлем қауымдастығы енді тығырықтан шығар жол іздеп жатыр.
25.04.2017 10:57 Долларсыздандыру: Ұлттық банк ұлттық валюта үшін не істеп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемді шарпыған жаһандық дағдарыстың бір саласы «валюта соғысы» ретінде де сипатталады. Шындығында дүниенің қаржы жүйесіне үстемдік етіп келген долларға қарсы «соғыс» соңғы бірнеше жыл бойы көптеген мемлекеттің күн тәртібінде тұр. Валюта сарапшылары доллардың әлемдік үстемдігін сонау жылдары алғаш рет араб түбегінде ағытылған мұнайдың әлемдік нарыққа шығуымен байланыстырады. АҚШ-тың алпауыт компаниялары араб мұнайын әлемдік нарыққа шығару үшін оның баррелін доллармен сатуды ұсыныпты-мыс. Содан бастап «көк қағаздың» әлемді жаулап алу миссиясы басталған. Әрине мұны теріске шығара алмайтынымыз да бар. Өйткені мұнай әлі күнге доллармен сатылады. «Қара алтын» бағасы құлдыраса, ұлттық валютадан да дегбір кететіні сол, бір жағынан.
17.04.2017 15:11 «Мұнай соғысы»: Қазақстан қалай ұтылып отыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі жаһандық дағдарыс үш есе құлдырап кеткен қара алтын құнынан басталды. 2015 жылы бір баррель мұнай бағасы ә дегенде 107 доллардан 57 долларға, кейін 27 долларға дейін түсті. Бұған бірнеше фактордың әсері бар: АҚШ-тағы тақтатас (сланец) мұнай мен газын өндірудің қарқыны, мұнай мәселесінде салмақты ойыншы саналатын Ираннан санкциялардың алынып тасталуы, тағысын тағы. Айналып келгенде мұнай өндіретін АҚШ, Канада, Иран, Ресей, ОПЕК сынды алпауыттар арасындағы арпалыстың салдары. Осының себебінен Қазақстан секілді экономикасы мұнайға тәуелді елдердің басым бөлігі зардап шегіп келеді.
07.04.2017 11:54 Теңгенің болашағы бұлыңғыр ма АСТАНА. ҚазАқпарат - Девальвация. Доллар. Дағдарыс. Дабыраға ілесіп даурыққан жұрт. Дүдәмал болжамдар. Сұрақ көп. Жауап ше? Әрине, Ұлттық банк девальвацияның дүмпуін болдырмау шараларын іске қосып бақты. Долларды экономикадан ғана емес, азаматтардың санасынан да ысырып тастау тетіктері біртіндеп енгізілуде. Әйтсе де әлемдік саудамен сапырылысқан кез келген мемлекет үшін жаһандық валютаны «жеңе» салу оңай емес. Тіпті болмайтын дүние. Дегенмен теңгеге қатысты тоқтам мен түйін қайда? Осы төңіректегі мәселелерді «ҚазАқпарат» тілшісі біршама қаузап көрген болатын.
04.04.2017 17:01 Педофилдерді піштіргеннен пайда бар ма АСТАНА. ҚазАқпарат - Зорланған бала, жоғалған жеткіншек. Еңірегенде етегі жасқа толып, аһ ұрған ата-ана. Өзекті өртеген өкініш. Бұның бәрі - педофилияның салдары. Себебі жоқ. Бар, бірақ біле алмай, тосқауыл қоя алмай келеміз. Тек әйтеуір «ақырзаманның ауруы» деген атау телідік. Дабыра көп, дауасы жоқ. Ендігі ойымыз - салдарымен күресу. Қазір осы ауруды «емдемек» болып, заңмен бұғау салу жағын қарастырып жатырмыз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді піштіру туралы заң күшіне енбек. Піштіру жазасынан пайда бар ма? Түйінді ұсыныс төменде. Деректер сөйлесін.
30.03.2017 19:15 Қазақстанның қай банкінен ипотека алған тиімді АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлқисса, әлемді дендеген дағдарыста банктердің «бағы таюға» шақ қалды. Содан болар девальвациядан кейін екінші деңгейлі банктің біразы ипотекалық несие беруді тоқтатып, қалғаны талаптарын күшейтті. Мәселен қазір Қазкоммерцбанк пен Нұрбанк ипотека беруді уақытша тоқтатқан. Ал Еуразиялық банк тек өзінде кепілде тұрған, сатылымға шығарған пәтерлерді ипотекаға ресімдейді. Яғни үйлерін кепілге қойып немесе ипотекаға алып, ақшасын төлей алмаған жұрттың жылжымайтын мүлігін банк өзі саудаға шығарып жатыр. Мұндағы пәтерлердің саны шектеулі. Айта кетерлігі, ипотеканың төңірегіндегі тұрақсыздық белгілі бір деңгейде жұртшылықтың тұрмысына да әсер етпей қоймайды. Өйткені, қазіргі таңда баспана алудың, үйге ие болудың бірден бір жолы - ипотека. Осылайша, ипотека тұрғын үй нарығына да өз өрнегін салып отыр. Ал біздің банктердегі ипотекалық нарық қалай? Осыған зер салсақ.
28.03.2017 13:11 Кепілсіз несие алушы нені білу керек - Қазақстан банктеріне шолу АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні бүгін айлығы шайлығынан аспайтын жұрт көлденең қажеттілік шығып, қаржы қол байлағанда бірден банкті бетке алатыны белгілі. Қиыны сол, есеп-қисапқа ебі жоқ ел «берсе болды» дегенді ғана ойлайды. Сосын менмұндалаған банктердің артық-кем айла-шарғысын ажыратпастан, бас салып, бергенін ала салуға құмар. Сөйтіп, сұраулы соманы төлеген кезде ғана есебін елекке салып, қайтарымының қымбатқа түсіп жатқанын байқайды. Осылай бармағын тістеп, сан соғып жүрген адам аз емес. «ҚазАқпарат» агенттінінің тілшісі қарапайым халық біле жүрсе деген ниетпен еліміздегі ірі банктерді жіпке тізіп, несие жүйесіне сараптама жүргізген еді.