Ақбөкен жайлы мәліметтер Тұяқты жануарлардың дүниежүзілік көші-қон атласына енгізіледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақбөкен жайлы мәліметтер Тұяқты жануарлардың дүниежүзілік көші-қон атласына енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.

«Тұяқты жануарлардың көші-қоны жөніндегі әлемдік бастама (GIUM) шеңберінде халықаралық ғылыми команда әзірлеген Бонн конвенциясының (CMS) серіктестігімен жасалған жабайы тұяқтылардың көші-қон жолдары туралы деректер дүниежүзілік атласқа кіреді. Бұл зерттеу дәстүрлі көші-қон бағыттарының бөліну қаупі төнетін жабайы тұяқтылардың, оның ішінде ақбөкеннің маусымдық қозғалысының алғашқы түбегейлі картасын ұсынады», делінген хабарламада.

Соңғы он жылда жабайы тұяқтылардың көшіп-қону қарқыны төмендеп келе жатыр. Олардың ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жолдары адам қолымен жасалған кедергілерге, атап айтқанда күрежолдар мен күрделі жол айрықтары бөліп, жануарлар үшін көптеген қиыншылық туғызды.

Табиғат қорғаушылары астанадан елдің батыс аймағына дейін өтетін 2 мың шақырым «Орталық-Батыс» көлік дәлізі ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының ареалын бөлуі мүмкін деп қауіптенеді.

Спутник бақылау деректері көрсеткендей, ақбөкендер жоспарланған сүрлеуімен үнемі қоныс аударады. Егер қазіргі таңда қабылданған бағыт бойынша жол салынатын болса, ақбөкендер азық қоры жеткіліксіз жерлерде қалуға мәжбүр болады.

«Жабайы тұяқтылардың қозғалыстарын картаға түсіру олардың қоныс аударуының табиғи жолдарын сақтау үшін қандай әрекеттер қажет екенін түсінуге көмектеседі. Сондықтан, тұяқты жануарлардың көшіп-қону атласын құрастыру, әлемдегі биоәртүрлілікті сақтауды жақсарту жолындағы жаңа меже болып табылады. Зерттеушілер жануарлардың көшіп-қонуын картаға түсіру жұмыстары әлемнің көптеген елдеріндегі инженерлер мен өкілетті органдарға ірі көлік жолдары мен дәліздерін салуға байланысты жобаларын қайта қарастыруға көмектеседі деп үміттенеді», делінген хабарламада.

Атласты жасағанда Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы қызметкерлері жинаған деректер де пайдалынады.

Қауымдасмтық «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасы шеңберінде, он жылдан астам уақыт бойы ұлттық және шетелдік әріптестердің қолдауымен, мемлекеттің ерекше қорғауына ие ақбөкеннің Қазақстандағы көшіп-қону жолдарын зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарын жүргізіп келеді.


Соңғы жаңалықтар