Ақбөкен мүйізін сатуға қарсы науқанға еріктілер шақырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы еріктілерді интернетте ақбөкен мүйізінің сатылатыны туралы мәліметтерді жинауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Facebook-тегі ҚБСҚ парақшасына сілтеме жасап.

«Күн сайын әртүрлі сайтта ақбөкеннің мүйізі мен басқа да жабайы аңдарды, сондай-ақ олардан терісінен жасалған өнімдерді сату-сатып алу туралы хабарландыру пайда болады. Мұндай сауда жануарлар әлеміне деген сұранысты тудырып, ақыры браконьерлік пен заңсыз айналымның өсуіне тікелей әсер етеді», - делінген ҚБСҚ хабарламасында.

ҚБСҚ 2012 жылдан бері киіктерлің мүйізін сатуға қарсы ақпараттық науқанды жүргізіп келе жатыр. Осы уақытқа дейін жауапты қызметкерлер мен еріктілердің күш-жігерінің арқасында мұндай саудаға қатысты мыңдаған әрекетке тосқауыл қойылып, сайт әкімшілігіне «ақбөкен» және «ақбөкен мүйізі» деген кілт сөздерді пайдалануға тыйым салу туралы келісімге қол жеткізілген. Алайда заңсыз сатып алушылар мен сатушылар интернетте ашық сауданың жаңа тәсілдерін іздеуін жалғастьыруда.

«Өткен жылдан бастап біз түрлі жабайы аңдар мен олардан жасалған өнімдер жайлы интернетте тараған ақпараттарды жинай бастадық. Осы жұмыс арқылы мұндай жарнамаға тыйым салу туралы мәселені көтереміз. Біздің зерттеулерімізді мүмкіндігінше сенімді әрі ашық ету үшін бізге еріктілер қажет», - деп хабарлайды ҚБСҚ-дан.

Еріктілердің жобаға қатысу мүмкіндігі туралы толығырақ ақпаратты +7 778 169 4828 нөмірінен білуге болады.

Фотографии Фаризы Адилбековой
Соңғы жаңалықтар