Ақберен Елгезек пен Расул Рысмамбетов Ұлттық сенім кеңесінің құрамына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жалпы Ұлттық қоғамдық кеңесі құрылғаннан бері о бастағы құрамы бірнеше рет өзгерді. Бүгінге дейін бастапқы құрам шамамен жартылай жаңарды деп айтуға болады. Яғни, құрылғаннан кейін 20-дан астам жаңа сарапшы мен азаматтық белсенді тартылған.

Бұл жолғы лекте Ұлттық кеңестің құрамына Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина кірді.

«Ротация шеңберінде кеңес құрамынан А.Данилов, Л.Демесинова, А.Мырзахметов, А.Омаров шығарылды. Қазіргі таңда Ұлттық кеңестің VII отырысына дайындық жүріп жатыр», - делінген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшылығы таратқан ресми мәліметте.

Айта кетейік, 2021 жылы Ұлттық кеңестің бастамаларын жүзеге асыру аясында 7 заң қабылданған болатын.

Жалпы Ұлттық кеңес құрылғаннан бері Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру мақсатында 90-нан астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Қазіргі уақытта тағы 12 заң жобасы әзірлеу және қарау сатысында.


Соңғы жаңалықтар