Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үшем алғаш рет референдумда дауыс берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс есімді үшем республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Қаладағы № 48 референдум учаскесінде дауыс берген бір үйдің үш арысы өз таңдауын жасады.

Сонымен қатар осы күні Ақтауда 5 000-ға жуық сарбаз дауыс берді.

Теңіз жаяу әскери бригадасында орналасқан № 61 сайлау учаскесі мемлекеттік әнұранмен есігін ашты.

Сап түзеген сарбаздар әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығындағы сайлау учаскесінде еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді.

Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс берген. Соның бірі - 6 ай бұрын әскерге Алматы облысынан шақырылған Нұрдәулет Нұрлыбеков.

- Бүгін - ерекше күн. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш рет дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын, - деді қатардағы жауынгер Нұрдәулет Нұрлыбеков.

Әскери бөлімде референдум өткізуге барлық жағдай жасалған. Сайлау жәшіктері мен онға жуық дауыс беруге арналған кабина бар.

- Осы күні әр сарбаз Отанымыздың болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық, - деді қатардағы жауынгер Арқат Рахыш.


Соңғы жаңалықтар