Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.86 EUR 422.97
RUB 5.85 CNY 56.33
Jańalyqtar

Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің ресми трейлері шықты

2017 жылғы 17 мамыр 18:29 117
Бөлісіңіз:
Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің ресми трейлері шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің ресми трейлері шықты. Ол күзде көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмнің басты рөлін  Айсұлу Әзімбаева сомдайды. Психологиялық триллер жанрында түсірілген картина Astana Film Fund компаниясының екінші жобасы.

«Фильм үлкен қалада өмір сүретін  бойжеткен қыздың өмірін суреттейді. Бойжеткен өзін жалғыз сезінгені соншалық ол үшін көшелер, дүкендер, метро стансиялары, кеңселер қаңырап қалғандай. Оның жалғыздығын тек кішкентай қыз ғана бөліскендей болады. Алайда оның өмірі аяқ астынан түбегейлі өзгереді...»,- делінген Astana Film Fund-ның баспасөз баянында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT