Ақан Сатаевтың фильмі Барселонада арнайы сыйлықты жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Барселонадағы кинофестивальде арнайы сыйлықты жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Барселонада өткен CASA Asia кинофестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» аталымы бойынша жеңімпаз 
болды...», - деп жазды astanafilmfund Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, «Районы» фильмі прокатқа 2016 жылы қарашада шыққан. Фильмдегі басты рөлдерде Елтеріс Нұржанов, сондай-ақ режиссердің қызы Мариям Сатаева сомдайды.

Ақан Сатаевтың бұл туындысы 1987 жылдың күзінде Алматының «Театралка» атты ауданында болған оқиғаны баяндайды. 10-сынып оқушысы Арсен спорт-интернаттан кетіп, қаладағы мектептердің біріне ауысады. Ол жаңа ортаға бейімделу үшін өзіне жат заңдылықтарға мойынұсынуға мәжбүр болады.  

Соңғы жаңалықтар