Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер» фильмінің әлемдік премьерасы кейінге шегерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Almaty film festival кинофестивалінің ұйымдастырушылары жабылу салтанатының бағдарламасын аздап өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қыркүйек күні кешке Республика сарайында алғашқы Almaty film festival салтанатты түрде аяқталады. Негізгі бағдарламаның жеңімпаздары анықталып, сараптама комиссиясы питчинг нәтижесі бойынша (бас жүлде - оны жүзеге асыруға қаржыландыру) үздік деп таныған кинжоба аталады. Бұдан бөлек, осы жерде «Тұлпар» ұлттық сыйлығының иегері белгілі болады.

Бұған қоса, Әлемдік премьерасы Almaty film festival-дің жабылу салтанатында жоспарланған Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер» атты фильмі көрсетілмейді.

«Жабылу салтанатында кинофестиваль басты конкурсында жеңімпаз деп танылған фильмді көрсету туралы шешім қабылдадық. Оны 19 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайының сахнасында өтетін жабылу салтанатында жариялайды», - деп мәлімдеді Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалінің президенті Ақан Сатаев. 

Еске салайық, Almaty Film Festival оңтүстік астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басты конкурста таяу және алыс шетелдерден 10 кинокартина ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар