Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде Кир патшаны сомдайтын актерді таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Томирис» фильмінде парсы патшасы Кирдің рөлін араб-америкалық актер Гассан Массуд сомдайтын болды. Бұл туралы режиссер өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, біздің «Томирис» фильмінде Кирдің рөлін дарынды, тартымды әрі әйгілі Гассан Массуд сомдайтынын қуанышпен әрі мақтанышпен хабарлаймын. Ол Ридли Скоттың фильмдерінде, әсіресе «Көк Патшалығы» фильмінде өзінің мінезді рөлдерімен белгілі. Бүгін ол бірінші рет біздің түсірілім алаңында жұмыс істеді. Біздің фильмге атсалысқан адамдардың бәріне зор алғысымды білдіргім келеді», - деді Ақан Сатаев өзінің фейсбук парақшасында.

Еске сала кетсек, Ақан Сатаевтың «Томирис» ауқымды тарихи туындысының басты кейіпкері Альмира Тұрсын жобадағы түсірілімдерін аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар