+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Ақан Сатаев пен Аружан Саин «Құрмет» орденімен марапатталды

2019 жылғы 13 желтоқсан 14:45
Бөлісіңіз:
Ақан Сатаев пен Аружан Саин «Құрмет» орденімен марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында қаланың дамуына үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды

«Мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, қаржы, туризм, бизнес саласының білікті мамандарын, мемлекеттік қызметкерлерді, азаматтық қоғам өкілдерін марапаттау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл азаматтардың барлығы қаламыздың өркендеуіне жан-жақты үлес қосып келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі «Парасат» орденін еңбек ардагері, «Ғылым ордасы» мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Ғайникен Бибатыроваға, еңбек ардагері, Қазақ АСР халық әртісі Лаки Кесоглуға, Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкеновке, еңбек ардагері, ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Клара Хафизоваға табыс етті.

«Құрмет» ордені «Сентрас Капитал» холдинг компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ельдар Абдразаковқа, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу институтының профессоры Зинеш Әбішеваға, «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры, Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинға, режиссер Ақан Сатаевқа, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайға берілді.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Алматинский завод мостовых конструкций» № 3 цехының арматурщигі Василий Горбунға, «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Алғашбай Жармедетовке, «Алматыметроқұрылыс» АҚ тау департаментінің қызметкері Ережеп Жаукеновке, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ тарату желілері басқармасының бас шебері Алмас Омаровқа, «Метрополитен» КМК электропойызының машинисі Андрей Секиркинге, «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, еңбек ардагері Анатолий Череневке берілді.

Сонымен қатар, бірқатар алматылықтар «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Қала әкімі бекіткен «Еңбегі үшін» төсбелгісі Қазақстан қазақстан мүгедектер одағының төрағасы Әли Аманбаев, №2 қалалық перзентхананың босану бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Күренова, Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шәкімоваға тағылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Тәуелсіздік күні,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT