+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды

2020 жылғы 7 шілде 18:52
Бөлісіңіз:
Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президент болып Ақан Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанға жаңа әкім тағайындалды Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Министрліктің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған болатын.

Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.

2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек Мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.

2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығына ие болды.

2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT