Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 30 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Ақан Сатаев фильмінің әлемдік премьерасы Кореяда өтеді

2017 жылғы 13 қазан 00:59 1494
Бөлісіңіз:
Ақан Сатаев фильмінің әлемдік премьерасы Кореяда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің «Ол» картинасының әлемдік премьерасы қай жерде өтетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22-ші Пусан халықаралық кинофестивалінің ашылуында. Ертең фестивал шеңберінде біздің «Ол» атты жаңа туындымыздың әлемдік премьерсы өтеді»,- деп жазады Сатаев Фейсбуктегі парақшасында.


Ақан Сатаев фильмінің әлемдік премьерасы Кореяда өтеді
Еске сала кетейік, «Ол» картинасының ресми трейлері мамыр айында шыққан болатын.  Фильм үлкен қалада өмір сүретін  бойжеткен қыздың өмірін суреттейді.

Халықаралық Пусан кинофестивалі 1996 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін бұл байқау Азиядағы ең ірі кинофестиваль саналады. Кейбір сарапшылар оны «Азия Оскары» деп те атайды. Байқауға негізінен жас режиссерлердің жұмыстары қатысады.

 


Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлсая Жақан

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат