Академиялық дербестікті қолдаймыз – Саясат Нұрбек Назарбаев университеті туралы

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Министр Саясат Нұрбек Назарбаев университетін Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына беру ұсынысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Назарбаев университеті конституциялық заңмен реттелетін автономды оқу ұйымы болғандықтан, орны мен мәртебесі заңнамамен бекітілген. Жоғары оқу орындарының автономиясын біз күшейтеміз. Сондықтан, академиялық дербестік пен автономияның аясында болып жатқан үрдісті қолдаймыз», - деді министр.

Айта кетейік, бүгін министр Саясат Нұрбек Л. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқанының барысымен танысты.

Шарадан кейін ведомство басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, биыл мемлекеттік және ұлттық университеттерде оқу ақысы былтырғы оқу жылының деңгейінде қалатынын айтты.

«Оны біздің министрлік бақылауда ұстайтынын нақты айта алам. Бірнеше жекеменшік университетте баға көтерілді. Бірақ, мемлекеттік универсиеттерде бағаны биыл көтермейміз, яғни былтырғы оқу жылындағы деңгеймен қалады», - деді Саясат Нұрбек.


Соңғы жаңалықтар