Академик Р.Нұрғали өмірден озды

None
None
nbsp;АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақ ғылымы мен әдебиеті орны толмас ауыр қазаға тап болды. Бүгін, ақпанның 16-сы күні белгілі ғалым, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Рымғали Нұрғали өмірден озды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рымғали Нұрғали 1940 жылы маусымның 1-і күні Семей облысының Абай ауданындағы Қайнар ауылында дүниеге келді. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М.Киров атындағы) Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Мұхтар Әуезовтің трагедиялары» тақырыбына кандидаттық диссертация, одан кейін «Қазақ драматургиясының жанрлық проблемалары» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Ол - зерттеуші, сыншы, жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Жазушының "Талант тағдыры", " Күретамыр", "Қазақ драматургиясы", "Өнердің эстетикалық нысанасы", т.б. зерттеу еңбектері, " Дән", "Ай қанатты арғымақ" прозалық кітаптары жарық көрді. Р.Нұрғали абайтану мәселелерімен айналысып, ғылыми еңбектер жариялады. "Трагедия табиғаты", " Өнер алды қызыл тіл", «Сырлы сөз», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», «М.Әуезов және Алаш», «Сөз өнерінің эстетикасы», «Алашордашылар» және тағы басқа көптеген монографиялық еңбектерінде Абай мен Әуезов шығармашылық мұраттарын, тіл, ұйқас, сөз ерекшеліктерін салыстыра қарастырды. "Айдын", "Телағыс", "Қазақ революциялық поэзиясы" атты әдеби трилогиясы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ Р.Нұрғали Жоғары мектептің үздік қызметкері (1984), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1995), Ш.Айтматов атындағы халықаралық академияның академигі (2003), ғылым саласы бойынша берілетін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (2003), Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (2004), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2006), А.Байтұрсынов сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің, М.Шолохов атындағы және басқа да медалдардың иегері.

Р.Нұрғали шетелде іссапармен жүрген кезде көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар