+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Академик Карл Байпақов өмірден озды

2018 жылғы 23 қараша 10:16
Бөлісіңіз:
Академик Карл Байпақов өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі Карл Байпақов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біртуар ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, ҚР ғылымы мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймын. Оның бүкіл өмірі - халыққа қалай қызмет етудің жарқын үлгісі. Карл Молдахметұлы - тарих, Отанымыздың мәдениеті мен археологиясы туралы танымымызды байытқан кісі. Жуырда ғана біз археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша ірі жоспарларды бірге талқылаған едік. Карекеңнің ісін жалғастыру керек деп есептеймін», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Министр тарихшының өмірден өткенін ауыр қабылдағанын, ел үшін орны толмас қаза болғанын жаза отырып, ғалымның туған-туыстарына көңіл айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT