«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Маңғыстауда жүр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген «Ақ жол» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында ол жаңадан бой көтерген Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің жұмысымен танысып, науқастармен тілдесті.

«Еліміздің өзге аймақтарында пандемия кезінде онкологиямен ауыратын науқастар дәрі-дәрмек тапшылығын көрген. Бірақ мұндай жағдайға онкология саласындағы Маңғыстау мамандары жол бермеген екен. Жалпы «Ақ жол« партиясы Парламентте мемлекет қаржысын пайдалану жөнінде мәселені жиі көтеріп, сынға алып отырады.

Бюджеттен ақша бөлінгеннен кейін осындай заманауи тиісті нысандардың қажетті құралдары мен дәрі-дәрмегі үшін іске асырса, бұл халық үшінде тиімді», - деді А.Перуашев.

Бұдан соң, Мәжіліс депутаты Ақтау қаласында салынып жатқан 180 орындық стационар және 20 орындық жансақтау мен қарқынды терапияға арналған жедел тұрғызылатын аурухана құрылысымен танысты.


Соңғы жаңалықтар