«Ақ жол» партиясының өкілдері Көкшетауға барды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Көкшетау қаласына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия белсенділері өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Фаворит моторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, осы өндірістің жұмысшыларымен кездесті. Ақжолдықтар мұнда кәсіпорынға қарасты көлік салонының, көлік жуу цехының, аккумулятор орталығын қызметімен танысты.

Өндіріс негізінен отандық өнімді саудаға шығаруды басымдыққа алып отыр. Мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылар екі кезеңмен жұмыс жасайды. Мұнда күніге кем дегенде 300 көлікке қызмет көрсетіледі.

Партия мүшелері өздерінің сайлауалды бағдарламасы жөнінде түсіндірді және өндіріс жұмысшыларының проблемаларын, өтініштерін тыңдады. Пандемияның салдарына қарамастан бұл өндіріс жұмысшыларының санын қысқартқан жоқ. Бірақ қызмет көрсету аясы тарыла түскен және тапсырыстар бұрынғыдай көп емес.

Бүгін үміткерлер «Алуа-Строй» серіктестігінің жұмысшыларымен де кездесті және серіктестікке қарасты құрылыс алаңдарының бірін аралап көрді.


Соңғы жаңалықтар