«Ақ жол» партиясынан 6 адам сайлауға қатысуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Ақ жол" партиясының кезектен тыс XV құрылтайында бірнеше делегат өз кандидатурасын ұсынды. Бүгінде партия атынан 6 адам президенттік сайлауға қатысуға ниетті. Құрылтай олардың ішінен бір адамды президенттікке үміткер ретінде бекітуі қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, 13 сәуірде «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады. Бұған дейін Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев және СКО филиалының төрағасы Евгений Кинцель өз кандидатураларын жолдаған болатын. Бертін келе, оларға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева мен Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қосылды.
Бүгін барлық үміткерлер өздерінің бейнебаяндарын көрсетіп, сайлауалды ұстанымдарын жариялады. Сондай-ақ, делегаттардың сұрақтарына жауап берді. «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы ашық және құпия дауыс беру арқылы бір кандидатты анықтайды. Ол адам партияның атынан алдағы президенттік сайлауға қатысатын болады.
- Nur Otan партиясының аймақтық филиалдарында бірқатар ауыс-түйіс болды
- Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
- Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
- Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
-
Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
-
Қазақстанда онлайн-петиция институтын енгізу іске асыру тетіктерін пысықтауды талап етеді - сарапшы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам