«Ақ жол» партиясы Президенттің бастамаларын қолдайды - Азат Перуашев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламенттік партия ретінде біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына көмектесеміз.

Бұл туралы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия төрағасы ретінде жақында өткен сайлауда жеке өз басым басқа кандидатқа дауыс берген едім. Алайда кешеден бастап Қасым-Жомарт Тоқаев менің де Президентім. Енді кеше ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы белгіленген өзекті мақсаттарды шешу жұмысында парламенттік партия ретінде өз көмегімізді жасаймыз», - деді Азат Перуашев.

Осы орайда депутат саясат функциясы күрес қана емес, сонымен қатар саяси мәдениетті ілгерілету де екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпыұлттық коалицияның отырысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жоғары биліктің ауысуы еліміздің барлық заңына сәйкес жүргізілгенін жеткізді.

Атап айтқанда, бүгінгі отырыс барысында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы президенттік сайлаудың нәтижелерін қолдады.

Коалиция елдегі ең үлкен диалог алаңдарының бірі. Ол Қазақстанның жетекші саяси партияларының, ҚХА-ның, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұғырнамасын толық қолдайтындарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар