«Ақ Жайық» резерватында үш күн жалындаған дала өрті сөндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың «Ақ Жайық» резерватында үш күн бойы жалындаған дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 19.55-те «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 15 гектар жерді шарпыған қамыс өрті сөндірілді. Каспий теңізінің жағалауындағы қоғалы жыныстың өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі Ми-8МТВ тікұшағы тартылды. Тікұшаққа СТҚ-5 су төгу құрылғысы орнатылған. Соның көмегімен 21 тонна су шашылды», - деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетсек, қорықта өрттің шыққаны туралы алғашқы хабарлама жексенбі кешке қарай сағат 21-де келіп түскен. Өртті сөндіруге 60 адам мен 10 техника, сондай-ақ тікұшақ жұмылдырылды.

Алғашында өрт 5 гектар аумақта жалындап жатқаны айтылды. Кейін оның аумағы 15 гектарға ұлғайды.  

Соңғы жаңалықтар