Ақ үйге рұқсатсыз кірмек болған адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың құпия қызметі Ақ үйге кірмек болған ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Құпия жасақ Ақ үйдің теріскей жағындағы жабық аумаққа кірмек болған ер адамға оқ атуына тура келген. Олар алдымен бірнеше рет ауызша ескерту жасаған, алайда олардың ескертуін құлаққа ілмеген соң оқ атқан.

Оқыс оқиға АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйден шығып кеткен соң болған. Президент Трамп сапармен Ұлыбританияға кеткен.

Соңғы жаңалықтар