Ақ үйде Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамппен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақ үйде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы қыркүйекте Дональд Трамп телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-қа сапар жасауға шақырған болатын.

2018 жылдың 9 қаңтарында ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Крол Мемлекет басшысымен кездесуде Қазақстан Президентінің алдағы сапары екі мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірген еді.

Айта кетейік, Елбасы АҚШ-қа 16 қаңтар күні барған болатын. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Мемлекет басшыларының қол алысқан сәтін «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жариялады.


Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар