Ақ үй Трамптың Назарбаевпен сөйлескен кездегі суретін жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесу сәтінен түсірілген сурет тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ үйдің әлеуметтік медиа жөніндегі директоры Дэн Скавино АҚШ Президенті Дональд Трамптың Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сұхбатының суретін жариялады», - деп жазады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен болатын.  

Әңгімелесу барысында Дональд Трамп Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтуімен құттықтап, Америка делегациясының осы іс-шараға қатысу нәтижелерін жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды. 

Соңғы жаңалықтар