Ақ Олимпиаданың медаль көрсеткіші: Қазақстан 16-шы орында

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы есепте Италиямен бірге 16-шы орындарды өзара бөлісіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше фристайлшы Юлия Галышева ел қоржынына алғашқы қола медальды салды. Соның нәтижесінде Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған мемлекеттер арасында 16-шы орынды Италия құрамасымен өзара бөлісіп тұр.

Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша, бірінші орында Германия құрамасы келеді. Олардың еншісінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Екінші орында - Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль болса, үздік үштікті Норвегия командасы 2 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен түйіндеді.

Сонымен қатар төртінші орында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен Канада құрамасы келе жатса, үздік бестіктен 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен АҚШ көрінді.

Айта кетейік, Олипиада ойындарына Қазақстаннан  46 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1 бар. Ал төртжылдық додада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарыс 25 ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар