«Ақ Бата» мультимедиялық журналының «Барлығы үйлену тойы мен жас жұбайлар үшін» алғашқы нөмірі жарық көрді

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әділет департаменті мемлекеттік қызмет түрлері мен халыққа қызмет көрсету сапасын электрондық түрде жетілдіріп, оны арттыруға ерекше көңіл бөлуде.

Алматы қаласы Әділет департаментінің іс-тәжірибесі көрсеткендей, азаматтардың әділет органдарына жүгінетін негізгі сұрақтарының бірі, неке-отбасы заңнамасы, өйткені тууды, неке қию және неке бұзу, бала және қыз асырап алу мәселелері тағы да басқа сұрақтар азаматтардың бүкіл өмірінің кезеңінде туындайтыны заңдылық. Осы орайда Алматы қаласының жергілікті тұрғындары арасында аталмыш мәселелер елеулі сипат алып, ерекше тәсілдерді талап етеді. «Осы жағдайларға байланысты қала халқына тиісті дәрежедегі құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында уәкілетті органдармен аталған сұрақтардың шешімін табатын ұсыныстар қаралып, жеке электрондық журнал шығару туралы шешім қабылданып, аталмыш журнал электрондық жүйемен мультимедиалық ресурс арқылы қазақ және орыс тілдерінде қаңтар айында «Барлығы үйлену тойы мен жас жанұя үшін» деген тақырыппен халыққа тұңғыш рет ұсынылды»,-делінген Алматы қаласы Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған электрондық журналдың бетінде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндіктерін алуға ресми істер, мақалалар, түсініктемелер, сұхбаттар жарияланған. Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми блогы орналастырылған, АХАТ органдарымен іске асырылатын тақырып бойынша, арызданушы азаматқа қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік алым мөлшері, Алматы қаласындағы АХАТ бөлімдерінің мекенжайы, барлық қалалық АХАТ бөлімдері мен оған қарасты аудандық бөлім бастықтарының байланыс телефондары орналастырылған.

Ұсынылған дискідегі қажетті мәліметтер азаматтардың хал актілерін тіркеу туралы қызықтырған сұрақтары бойынша өтініш иесінің АХАТ бөлімдерінің мамандарымен тікелей байланысын үзіп, АХАТ органдарында сыбайлас жемқорлықтың болуына мүмкіндік бермейтін бірден-бір электрондық құрал болып табылады.

Электрондық журналдың бір ерекшелігі - тек құқықтық мәліметті алуға ғана мүмкіндік беріп қоймай, ҚР Әділет министрлігінің, Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми сайттарына кіру, ресми блогтарға азаматтардың жүгінуіне және аумақтық АХАТ бөлімдерінің қызметін бағалауға толық мүмкіндік бере алады.

Казіргі уақытта журналдың ең алғашқы данасы барлық аудандық АХАТ бөлімдеріне және халыққа қызмет көрсету орталықтарына тегін таратылды. Ай сайын жергілікті тұрғындарға аталмыш электрондық журнал тегін үлестірілетін болады. Тек қана бақылауды қамтамасыз ету үшін азаматтардан сауалнаманы толтыру қажет етіледі.

Журналдың келесі нөмірі АХАТ саласының тіркеу түрлеріне арналады: неке бұзу, туу туралы, атын, тегін өзгерту және басқа да тіркеу жайында материалдар жарық көреді.

Соңғы жаңалықтар