+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ақ аю күні: Алматылық Алькор қалай тұрып жатыр

2020 жылғы 27 ақпан 16:19
Бөлісіңіз:
Ақ аю күні: Алматылық Алькор қалай тұрып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағында бүгін Полярлық аю күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда вирусты жаңадан жұқтырғандардың қайдан келгені анықталды Алматыдағы блокпосты бұзып өтпек болған 70 адам қамалды Алматыда Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленеді

Алматы зообағында Алькор атты жалғыз ақ аю бар. Мерекеге орай күтушілер оған жеміс, балық, ет қосылған торт әзірлеп берді.

Былтыр Алькор 30 жасқа толған еді. Бұл жануар 1989 жылы Ресейдің Калининград зообағында туған еді. Ақ қонжық Алматы зообағына тұңғыш рет 1990 жылы жеткізілген болатын.

2017 жылы зообақты қайта жаңғырту жобасы аясында Алькор әлемдік стандарттарға сай торы жоқ вольерге көшірілді.

Оның қонжығы Умка қазір чех зообағында тұрып жатыр.

Айта кету керек, полярлық аюлар зообақта 40 жылға жуық өмір сүреді. Ал жабайы табиғат аясында 20-30 жас өмір сүреді.

Жыл сайын 27 ақпанда дүниежүзі Полярлық аю күнін атап өтеді (International Polar Bear Day).

Ғалымдардың зерттеуінше, әлемде қазір 20-25 мың ақ аю қалған. Олардың санының қысқаруына қазір ең бастысы мұздың жылдам еруі әсер етуде.

Егер жер бетінің жаһандық жылынуы осы қарқынмен жүре беретін болса 2050 жылға таман әлемде 3/1-і ғана қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, оларға мұнай кен орындарын игеру жұмыстары қауіп төндіріп отыр.

2008 жылы мамырда АҚШ ақ аюды Қызыл кітапқа енгізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT