АИТВ-ны жеңген екінші оқиға тіркелді - The New York Times

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АИТВ эпидемиясымен қырық жылға созылған күресте 35 миллион адамның ішінде тек екеуі ғана жазылып шыққан. The New York Times басылымының хабарлауынша, дертті жеңген екінші адам туралы сейсенбі күні белгілі болды. Айта кетерлігі, бұл індеттен алғаш рет толығымен жазылған оқиға осыдан 12 жыл бұрын тіркелген еді.

«Лондон қаласында АИТВ диагнозы қойылған емделуші жарты жыл бойы вирусқа қарсы терапиядан өтпеген. Яғни, ем тоқтатылған. Бұл кем дегенде ұзақ ремиссияны немесе оның аурудан толық жазылғанын көрсетеді» деп жазады басылым. Дегенмен, мақала авторының жазуына қарағанда, бұқаралық әрі қолжетімді, тиімді терапия туралы айтуға әлі ертерек.

«2007 жылы Тимоти Браун есімді Берлин тұрғыны АИТВ-дан толығымен жазылған болатын. Одан кейін де дәрігерлер осындай нәтижеге қанша талпынғанымен, вирусты жеңу мүмкін болмаған еді», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар